1 күн бұрын
Су добынан Қазақстан құрамаларының ойын кестесі анықталды
Фото: Қазақстан ҰОК
2026 жылғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық бәсекеде ерлер арасында сегіз құрама жүлдені сарапқа салады. Қазақстандық спортшылар А тобына түсті. Қарсыластары - Таиланд, Жапония және Гонконг.
Отандастарымыз алғашқы ойынын 26 қыркүйекте Жапонияға қарсы өткізсе, одан кейін 27 қыркүйекте Гонконг, 28 қыркүйекте Таиланд құрамаларымен шеберлік байқасады.
В тобында Оңтүстік Корея, Иран, Сингапур, Қытай ойнайды.
Ал 29 және 30 қыркүйекте ширек финал өтсе, одан кейін 2 қазанда жартылай финал болады. Финал мен 3-орын үшін ойын 3 қазанға белгіленген.
Отандастарымыз бұған дейін 19994, 1998, 2002, 2010, 2014, 2018 жылдары чемпион атанған еді. 2026 жылы қола жүлдеге қол жеткізді.
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында айналмалы жүйе бойынша сынға түседі. Олар Қытай, Жапония, Сингапур, Таиланд, Сингапурмен бәсекеге түседі. Алдымен 20 қыркүйекте Сингапур, 21 қыркүйекте Жапония, 22 қыркүйекте Таиландпен кездессе, одан кейін 23 қыркүйекте Қытай, 24 қыркүйекте Өзбекстанмен кездеседі.
Қазақстан әйелдер құрамасы қазірге дейін құрлықтық бәсекеде 2010 және 2018 жылы күміс алса, 2014 жылы қола жүлдеге қол созды.
Азия ойындары 19 қыркүйек - 4 қазан күндері Жапонияның Нагоя және Айти қалаларында өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ербол Мырзабосынов XX жазғы Азия ойындары алдында Қазақстан аумағында қорытынды дайындық кезеңінен өтіп жатқан екі ұлттық құрама спортшыларымен кездесті.
Біздің серіктес: Sport12kz