Матч орталығы
Серия А Футбол Комо Комо 2:1 Аяқталды Парма Парма Серия А Футбол Торино Торино 0:2 Аяқталды Рома Рома Суперлига Футбол Газиантеп Газиантеп 0:0 Аяқталды Фенербахче Фенербахче Премьер-лига Футбол Маккаби Маккаби 4:1 Аяқталды Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив Примейра-лига Футбол Риу Аве Риу Аве 3:3 Аяқталды Эштрела Эштрела Сегунда Футбол Сельта Виго 2 Сельта Виго 2 0:4 71 Эйбар Эйбар Серия А Футбол Интер Интер 3:2 59 Удинезе Удинезе Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 3:0 Үзіліс Ньюкасл Ньюкасл Ла Лига Футбол Вильярреал Вильярреал 1:2 Үзіліс Бетис Бетис Примейра-лига Футбол Морейренсе Морейренсе 2:0 Үзіліс Маритиму Маритиму Примейра-лига Футбол Брага Брага 0:0 16 Эшторил Эшторил Челленджер Фантхьет 4 Теннис Мэтью Деллаведова Мэтью Деллаведова 08:00 Бүгін Григорий Ломакин Григорий Ломакин Юношеская лига УЕФА Футбол OFK Mladost DG U19 OFK Mladost DG U19 19:00 Бүгін Кайрат до 19 Кайрат до 19 Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 22:00 Бүгін Эспаньол Эспаньол Ла Лига Футбол Алавес Алавес 23:00 Бүгін Валенсия Валенсия Эредивизи Футбол Аякс Аякс 23:00 Бүгін Виллем 2 Виллем 2 Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 23:45 Бүгін Миллуолл Миллуолл Лига кубогы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 00:00 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм Италия кубогы Футбол Фиорентина Фиорентина 00:00 Ертең Пиза Пиза Лига кубогы Футбол Ипсвич Ипсвич 00:00 Ертең Арсенал Арсенал

13 сағат бұрын

КФФ ҚПЛ клубтары мен ойыншыларына жаңа жазалар шығарды

КФФ ҚПЛ клубтары мен ойыншыларына жаңа жазалар шығарды

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысында ҚПЛ-2026 клубтары мен ойыншыларына қатысты жаңа тәртіптік шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Комитет бірнеше клубқа жанкүйерлердің тәртіпсіздігі, қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, ойындардың кеш басталуы және басқа да ережелердің бұзылуына байланысты айыппұл салды.

«Тобыл» – «Қайсар» матчы бойынша:

  • «Қайсар» дәрігері Сәкен Дүнешовқа матчтың ресми тұлғасына балағат сөз айтқаны үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
  • «Қайсар» клубы ойыншылар мен команда өкілдерінің тәртіпсіздігі үшін 100 АЕК айыппұл төлеуге міндеттелді.

«Қайсар» – «Ақтөбе» матчы бойынша:

  • Жанкүйерлердің бірнеше файер жаққаны үшін «Қайсарға» 100 АЕК айыппұл салынды.

«Каспий» – «Елімай» матчы бойынша:

  • «Елімай» бес ойыншысына ескерту алғаны үшін 100 АЕК айыппұл төледі.
  • «Каспий» стадионда қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны, жанкүйерлердің түтін шашкаларын жағып, бөтен заттар лақтырып, балағат сөздер айтқаны, дрон пайдаланғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін айыппұлға тартылды.

Сонымен қатар «Қызылжарға» файер қолданған жанкүйерлер үшін 60 АЕК, «Ордабасыға» алты ойыншы ескерту алғаны үшін 100 АЕК, ал «Тобылға» тәртіп бұзғаны үшін 100 АЕК және регламент талаптарын қайталап бұзғаны үшін тағы 60 АЕК айыппұл салынды.

«Қайрат» та жазадан тыс қалмады. Клуб «Ұлытауға» қарсы 9-тур матчында демеушінің жарнамалық баннерлерін орналастырмағаны үшін 60 АЕК айыппұл алды.

24-тур матчтары бойынша да бірқатар шешім қабылданды. «Ұлытауға» стадиондағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін 100 АЕК, «Оқжетпеске» алты ойыншы ескерту алғаны үшін 100 АЕК, ал «Қайсарға» жанкүйерлердің түтін шашкасын қолданып, лазер пайдаланғаны үшін 100 АЕК айыппұл салынды.

«Ертіс-Павлодар» қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін 100 АЕК айыппұл төледі. «Каспий» де қайталанған тәртіп бұзушылықтары үшін 100 АЕК айыппұлға тартылды.

«Астанаға» «Атырауға» қарсы матчтың екінші таймын үш минутқа кеш бастағаны үшін 60 АЕК айыппұл салынды.

Ал «Қайрат» бес ойыншысының ескерту алып, бір футболшысының алаңнан қуылғаны үшін 100 АЕК айыппұл төледі. Сонымен қатар «Қайрат» ойыншысы Александр Широбоков қарсыласқа қатысты спорттық емес әрекеті үшін екі матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 1 қыркүйектен бастап есептеледі.



Біздің серіктес: Sport12kz