5 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев жоқ: Ұлттар лигасындағы матчтарға шақырту алған ойыншылардың есімі белгілі болды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван’т Схип қыркүйек-қазан айларында өтетін УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына шақырылған ойыншылардың соңғы тізімін жариялады.
Бұл кезеңде Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында төрт ойын өткізеді. 26 және 29 қыркүйекте команда сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы ойнаса, 2 және 6 қазанда өз алаңында Молдова мен Фарер аралдарын қабылдайды.
Құрама сапына барлығы 28 футболшы шақырылды.
Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).
Қорғаушылар:
Әлібек Қасым («Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Широбоков, Александр Мрынский («Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский («Астана»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов («Елімай»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман («Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Дамир Қасаболат, Исмаил Бекболат («Қайрат»).
Шабуылшылар:
Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов («Астана»), Эльхан Астанов («Ордабасы»).
Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы:
Джон ван’т Схип – бас бапкер, Нұрбол Жұмасқалиев – бас бапкердің көмекшісі, Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылар жаттықтырушысы, Вадим Боровский – дене дайындығы бойынша жаттықтырушы, Тимур Кусаинов – сарапшы, Қуаныш Мұханбет – менеджер, Михаил Әубәкіров – әкімші, Максим Шауберт – жабдықтаушы.
Қазақстан – Фарер аралдары
26 қыркүйек, 21:00
«Торсведлюр» стадионы
Словакия – Қазақстан
29 қыркүйек, 23:45
Кошице футбол стадионы
Қазақстан – Молдова
2 қазан, 19:00
«Астана Арена»
Қазақстан – Фарер аралдары
6 қазан, 19:00
«Астана Арена
Біздің серіктес: Sport12kz