Матч орталығы
Серия А Футбол Комо Комо 2:1 Аяқталды Парма Парма Серия А Футбол Торино Торино 0:2 Аяқталды Рома Рома Суперлига Футбол Газиантеп Газиантеп 0:0 Аяқталды Фенербахче Фенербахче Премьер-лига Футбол Маккаби Маккаби 2:1 69 Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив Примейра-лига Футбол Риу Аве Риу Аве 2:2 58 Эштрела Эштрела Сегунда Футбол Сельта Виго 2 Сельта Виго 2 0:3 35 Эйбар Эйбар Серия А Футбол Интер Интер 0:2 20 Удинезе Удинезе Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 0:0 6 Ньюкасл Ньюкасл Ла Лига Футбол Вильярреал Вильярреал 0:0 5 Бетис Бетис Челленджер Тибурон Теннис Спенсер Джонсон Спенсер Джонсон 00:10 Бүгін Ерик Арутиунян Ерик Арутиунян Примейра-лига Футбол Морейренсе Морейренсе 00:15 Бүгін Маритиму Маритиму Примейра-лига Футбол Брага Брага 00:45 Бүгін Эшторил Эшторил Сан-Паулу женщины Теннис Джессика Манейро Джессика Манейро 01:30 Бүгін Доминика Шалкова Доминика Шалкова Юношеская лига УЕФА Футбол OFK Mladost DG U19 OFK Mladost DG U19 19:00 Бүгін Кайрат до 19 Кайрат до 19 Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 22:00 Бүгін Эспаньол Эспаньол Ла Лига Футбол Алавес Алавес 23:00 Бүгін Валенсия Валенсия Эредивизи Футбол Аякс Аякс 23:00 Бүгін Виллем 2 Виллем 2 Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 23:45 Бүгін Миллуолл Миллуолл Италия кубогы Футбол Фиорентина Фиорентина 00:00 Ертең Пиза Пиза Лига кубогы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 00:00 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм

2 сағат бұрын

Елена Рыбакина WTA Finals-2026 турниріне бірінші болып жолдама алды

Елена Рыбакина WTA Finals-2026 турниріне бірінші болып жолдама алды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина теннисшілер арасында бірінші болып 2026 жылғы WTA қорытынды турниріне қатысуға кепілдік алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

WTA Finals-2026 турнирі 8–15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте (АҚШ) Indian Wells Tennis Garden корттарында өтеді. Жарысқа жекелей сында маусымның үздік сегіз теннисшісі және сегіз үздік жұп қатысады.

Рыбакина сәтті өткізген маусымының нәтижесінде жекелей сында қорытынды турнирге жолдама алған алғашқы теннисші атанды. 2026 жылы қазақстандық теннисші Australian Open және US Open турнирлерінде жеңіске жетіп, сондай-ақ мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастады.

Елена үшін алдағы WTA Finals қатарынан төртінші қорытынды турнир болмақ. Ол алғаш рет бұл жарысқа 2023 жылы қатысқан, ал өткен маусымда бірде-бір матчта жеңілмей, турнирдің басты жүлдесін иеленді.

Осылайша, Индиан-Уэллсте Рыбакина WTA Finals турнирінің қазіргі чемпионы ретінде өз атағын қорғайды. Жеңіске жеткен жағдайда ол Серена Уильямстан кейін WTA қорытынды турнирінде екі жыл қатарынан топ жарған алғашқы теннисші атанады.

WTA Finals — әйелдер арасындағы кәсіби теннис маусымын қорытындылайтын басты турнирлердің бірі. Жекелей сындағы сегіз қатысушы төрт теннисшіден екі топқа бөлінеді. Әр топтан үздік екі спортшы жартылай финалға шығып, кейін турнир жеңімпазы анықталады.


Біздің серіктес: Sport12kz