6 күн бұрын
Луиш Нани кәсіби деңгейдегі матчтар санын 750-ге жеткізді
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
«Ақтөбе» футбол клубының португалдық ойыншысы Луиш Нани кәсіби деңгейдегі матчтар санын 750-ге жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Осы керемет жетістікті есте сақтау мақсатында клубтың басқарма төрағасы Бақытбек Темірбекұлы Дүзелбаев Наниге 750 нөмірі көрсетілген естелік жейдені бүгінгі матч алдында ұсынды.
39 жастағы футболшы биыл ресми түрде «Ақтөбе» сапында өнер көрсетеді.
Еске салайық, Луиш Нани 2016 жылғы Еуропа чемпионы, төрт дүркін Англия Премьер-Лигасы чемпионы және Чемпиондар Лигасы жеңімпазы.
Біздің серіктес: Sport12kz