5 сағат бұрын
«Тобылға» жаңа президент тағайындалды
Қостанайдың «Тобыл» клубы меншік иесі ауысқаннан кейін жаңа президенттің тағайындалатынын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Клуб президенті қызметіне Olzha Agro компаниясының қазіргі бас директорының кеңесшісі Айдос Әкаділұлы Дүйсенбиев тағайындалады.
Кеше «Тобыл» кәсіпкер Әлішер Ходжаназаровтың меншігіне ресми түрде өтті. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.
Бұған дейін, 4 наурызда, «Тобыл» миллиардер Шұхрат Ибрагимовтің меншігіне өтетіні туралы ресми түрде хабарлаған еді. Клубты миллиардердің басқаруына беру туралы шешім Қазақстан Президентінің кәсіби спортты коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қабылданған. Алайда мамыр айында келіссөздердің соңғы кезеңінде туындаған қиындықтарға байланысты мәміле жүзеге аспай, клуб толықтай Ибрагимовтің бақылауына өткен жоқ.
ҚПЛ-дың 25 турында «Тобыл» 34 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz