5 сағат бұрын
«Интер» «Удинезеден» басым түсті
«Интер» Италия чемпионатының 4-туры аясындағы матчта «Удинезені» 5:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудің 9-минутында Джеймс Абанква Унаи Гоместің пасынан кейін баспен соққы жасап, қонақтарды алға шығарды. 16-минутта Кейнэн Дэвистің нәтижелі пасын Юрген Эккеленкамп пайдаланып, есепті 2:0-ге жеткізді.
«Интер» араға тоғыз минут салып есепті теңестірді. Алдымен 26-минутта Карлос Аугусто алыстан дәл соққы жасап, бір голдың орнын толтырды. Ал Николо Барелла Маркус Тюрамның пасынан кейін есепті теңестірді.
Екінші таймда «Интер» ойынды толық бақылауына алды. 57-минутта Тюрам миландықтарды алға шығарса, 67-минутта Франческо Пио Эспозито алаң иелерінің төртінші голын соқты. Арада 12 минут өткенде Анж-Йоан Бонни добқа бірінші жетіп, есепті 5:2-ге жеткізді. Ал 90+1-минутта Идрисса Гейе «Удинезенің» үшінші голын соқты.
Осылайша, «Интер» 12 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Миландықтар көш бастап тұрған «Ромадан» гол айырмасы бойынша ғана қалып келеді. Екі команда да маусымды қатарынан төрт жеңіспен бастады. «Удинезе» төрт ұпаймен 13-орында.
Келесі турда «Рома» «Интерді» қабылдаса, «Удинезе» «Кальяримен» кездеседі. Екі матч та 19 қыркүйекте өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz