4 сағат бұрын
ҚФФ даулы төрешілік шешімдерге жауап берді
Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру ҚПЛ-2026 26-туры матчтарындағы жекелеген даулы сәттерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Қызылжар» — «Жеңіс»
90-минутта айып алаңындағы жағдай қаралды. Доп үшін талас кезінде шабуылшы мен қорғаушының дененің жоғарғы бөлігінде аздаған байланысы болған.
Қайталаудан аяқтан шалу немесе аяқ тұсында байланыс болмағаны анық көрінеді. Дененің жоғарғы бөлігіндегі байланыс өте аз болған және шабуылшының құлауына себеп болмаған.
Сондықтан бұл жағдайда пенальти тағайындауға жеткілікті негіз болмаған.
«Қайсар» — «Атырау»
62-минутта екі ойын эпизоды қаралды. Біріншісінде қорғаушы абайсызда сырғанап барып қарсыласын тоқтатуға тырысса, екіншісінде қақпашы допқа қолмен ойнаған.
Қайталаудан №5 қорғаушының абайсыз әрекет жасағаны көрінеді. Төреші ойынды бірден тоқтатпаған, себебі зардап шеккен ойыншының серіктесінде шабуылды жалғастыруға жақсы мүмкіндік болған.
Алайда доп ойыннан шыққаннан кейін тәртіп бұзған қорғаушыға сары қағаз көрсету керек еді.
Екінші эпизодта қақпашының айып алаңының ішінде допты қолмен ойнағаны көрінеді. Кейін инерциямен айып алаңынан шығып кетіп, допқа қолы сыртта аздап тиген.
Бұл жағдайда дұрыс шешім — тәртіптік жаза қолданбай, айып добын тағайындау болған.
Біздің серіктес: Sport12kz