6 күн бұрын
Родри «Манчестер Ситиден» кету себебін түсіндірді
«Барселона» жартылай қорғаушысы Родри Эрнандес жазда не себепті «Манчестер Ситиден» кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Мен мансабымды «Манчестер Ситиде» аяқтаймын деп ойлайтынмын, өйткені бұл клуб маған бәрін берді. Мен бақытты болдым және Гвардиоламен бірге ағылшын футболы тарихындағы ең үздік дәуірлердің бірінің бөлігіне айналдым. Кетуді ешқашан ойлаған емеспін. Алайда клубта өзгерістер басталды. Әлем чемпионатынан кейін өзіме жаңа сынақ қажет деген қорытындыға келдім», — деді Родри.
Родри «Манчестер Сити» сапында 2019-2026 жылдар аралығында өнер көрсетті. Ол клуб үшін 298 матч өткізіп, 28 гол соқты. Испаниялық футболшы команданың тарихындағы маңызды ойыншылардың біріне айналды.
2023 жылғы Чемпиондар лигасының финалында Родри миландық «Интер» қақпасына жеңіс голын соқты.
Сонымен қатар ол «Манчестер Ситимен» бірге Англия чемпионатында төрт рет, Лига кубогында төрт рет, Англия кубогында екі рет, Англия Суперкубогында екі рет жеңіске жетті. Сондай-ақ Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы және клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz