4 сағат бұрын
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл шешімді УЕФА Атқарушы комитеті қабылдады.
Суперкубокта Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының сол маусымдағы жеңімпаздары кездеседі.
Осылайша, Астана алғаш рет Еуропа клубтық футболындағы маңызды матчтардың бірін өткізбек. 2028 жылғы Суперкубоктың нақты өтетін күні кейін жарияланады.
Біздің серіктес: Sport12kz