12 сағат бұрын
«Қайрат» U-19 командасы UEFA Жасөспірімдер лигасын ірі жеңіспен бастады
Алматылық «Қайрат» (U-19) 2026/2027 жылғы маусымдағы UEFA Жасөспірімдер лигасы Чемпион мемлекеттер жолының бірінші ойынында Черногорияның «Младость Донья-Горица» командасын ірі ессепен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел астанасы Подгорице қаласында өткен кездесу қазақстандық команданың басымдығымен 5:0 есебімен аяқталды. Олардың қатарынан 35-минутта Роман Черноморец мергендік танытса, 41-минутта Әкежан Қалықұлов басымдықты арттырды. Одан кейін 43-минутта Ермұхаммад Керімхан, 72-минутта Абылай Жылқайдар көзге түсті.
Ойынның 92-минутында Санат Нұрболат 5:0 есебімен ойынның нүктесін қойды.
Енді қарымта кездесу 14 қазанда Алматы қаласында өткізіледі. Екі ойынның нәтижесімен жеңімпаз команда екінші кезеңге шығады. Онда Венгрияның МТК клубымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Sport12kz