6 сағат бұрын
«Арсенал» сырт алаңда «Ипсвичті» жеңді
«Арсенал» Англия кубогының 1/16 финалында сырт алаңда «Ипсвичті» сенімді жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу 4:2 есебімен «Арсеналдың» пайдасына аяқталды. Лондондық клуб сапынан Макс Дауэман 7 және 47-минуттарда екі гол соқты. Нони Мадуэке 16-минутта, Микель Мерино 58-минутта мергендігімен көзге түсті.
«Ипсвичтің» голдарын Анис Мехмети 62-минутта және Чуба Акпом 90+1-минутта соқты.
Осылайша, «Арсенал» Лига кубогының 1/8 финалына жолдама алды. Ал «Ипсвич» турнирдегі ойындарын аяқтады.
«Арсенал» келесі матчын 19 қыркүйекте АПЛ аясында «Брайтонға» қарсы өткізеді. Сол күні «Ипсвич» чемпионатта «Эвертонмен» кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz