6 сағат бұрын
«Ливерпуль» Лига кубогының 1/8 финалына өтті
«Ливерпуль» Англия Лига кубогының 1/16 финалында өз алаңында «Тоттенхэмді» жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Энфилдтегі» кездесу 3:1 есебімен аяқталды. «Ливерпуль» сапынан Алексис Макаллистер 21-минутта, Коди Гакпо 54-минутта және Доминик Собослаи 90+1-минутта гол соқты. Ал «Тоттенхэмнің» жалғыз голын Коннор Галлахер 69-минутта енгізді.
Осылайша, «Ливерпуль» Лига кубогының 1/8 финалына жолдама алды. Ал «Тоттенхэм» турнирдегі ойындарын аяқтады.
«Ливерпуль» келесі матчын 20 қыркүйекте АПЛ аясында «Борнмутқа» қарсы өткізеді. Ал «Тоттенхэм» 19 қыркүйекте «Астон Вилламен» кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz