5 сағат бұрын
«Крылья Советов» Мәскеуде «Локомотивпен» кездеседі
16 қыркүйекте Ресей Премьер-лигасының тоғызыншы турында Мәскеудің «Локомотиві» өз алаңында Самараның «Крылья Советов» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
«РЖД Аренада» өтетін матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 22:45-те басталады.
РПЛ-дың сегіз турында «Локомотив» алты ұпай жинаса, «Крылья Советовтың» еншісінде 10 ұпай бар. Мәскеулік клуб соңғы матчында сырт алаңда Санкт-Петербургтің «Зенитіне» 1:2 есебімен жеңілді. Ал самаралық команда чемпионаттағы алдыңғы кездесуінде өз алаңында Мәскеудің «Родинасын» 2:1 есебімен жеңді.
«Локомотив» пен «Крылья Советов» соңғы рет сәуір айында кездесіп, самаралық клуб 2:0 есебімен жеңіске жеткен.
Айта кетейік, «Крылья Советов» сапында Қазақстан құрамасының қанат ойыншысы Ислам Чесноков өнер көрсетеді. Ол осы маусымда клубтың үш матчына қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz