4 сағат бұрын
ҚПЛ-2026: 27-тур матчтарының басталу уақыты белгілі болды
17 және 18 қыркүйекте Қазақстан Премьер-лигасының 27-тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
17 қыркүйек
19:00 — «Тобыл» — «Елімай»
19:00 — «Астана» — «Қайрат»
20:00 — «Атырау» — «Ордабасы»
18 қыркүйек
16:00 — «Оқжетпес» — «Жеңіс»
17:00 — «Жетісу» — «Каспий»
17:00 — «Алтай» — «Ертіс»
19:00 — «Қызылжар» — «Қайсар»
20:00 — «Ақтөбе» — «Ұлытау»
Қазіргі таңда турнир кестесінде 58 ұпаймен шымкенттік «Ордабасы» көш бастап тұр. Алматылық «Қайраттың» еншісінде одан бір ұпай кем. Үздік үштікті «Астана» түйіндеп тұр.
Турнир кестесінің төменгі жағында петропавлдық «Қызылжар» мен талдықорғандық «Жетісу» орналасқан.
Біздің серіктес: Sport12kz