3 сағат бұрын
Нұралы Әліптің «Зенитпен» кезекті матчы өтеді
16 қыркүйекте Ресей Премьер-лигасының тоғызыншы турында Калининградтың «Балтикасы» өз алаңында Санкт-Петербургтің «Зенитін» қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Ростех Аренада» өтетін матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
РПЛ-дың сегіз турында «Балтика» 11 ұпай жинаса, «Зениттің» еншісінде 15 ұпай бар. Калининградтық клуб соңғы матчында сырт алаңда Воронеждің «Факелімен» 2:2 есебімен тең түсті. Ал «Зенит» чемпионаттағы алдыңғы кездесуінде өз алаңында Мәскеудің «Локомотивін» 2:1 есебімен жеңді.
«Балтика» мен «Зенит» соңғы рет тамыз айында Ресей кубогында кездесіп, Санкт-Петербург клубы 1:0 есебімен жеңіске жеткен.
Айта кетейік, «Зенит» сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді. Ол осы маусымда барлық турнирде сегіз матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz