3 сағат бұрын
ҚПЛ-дың 27-турында 12 футболшы алаңға шықпайды
17-18 қыркүйекте Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясындағы матчтар өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дисквалификацияға байланысты 27-турда келесі футболшылар алаңға шыға алмайды:
Әлібек Қасым («Астана»), Алекса Аманович («Ордабасы»), Диего Луна Флорес пен Рауан Орынбасар («Жетісу»), Аманды Набиханов («Каспий»), Сергей Иванов («Алтай»), Неделько Пишчевич («Қызылжар»), Алияр Мұхамед пен Никола Цуцкич («Қайсар»), Яни Атанасов пен Еркебұлан Сейдахмет («Ақтөбе»), Артур Бугнон («Ұлытау»).
Қазіргі таңда турнир кестесінде 58 ұпаймен шымкенттік «Ордабасы» көш бастап тұр. Алматының «Қайраты» бір ұпайға қалып келеді. Үздік үштікті «Астана» түйіндейді.
Біздің серіктес: Sport12kz