1 сағат бұрын
«Манчестер Юнайтед» 17 жастағы футболшыға кәсіби келісімшарт ұсынбақ
«Манчестер Юнайтед» академиясының 17 жастағы қанат шабуылшысы Ноа Аджайимен алғашқы кәсіби келісімшарт жасауға жақын, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тараптар келіссөздің соңғы кезеңіне жақындаған және келісімге келуге үмітті. Қазіргі стипендиялық келісімшарт футболшымен маусым соңына дейін жарамды.
Аджайиге Германия клубтары да қызығушылық танытқан. Алайда «Манчестер Юнайтед» академияның болашағынан үміт күттіретін ойыншыларының бірін жібергісі келмейді.
2025/26 маусымында қанат шабуылшысы манкуниандықтардың жастар командалары сапында 25 матч өткізіп, тоғыз гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Жаңа маусымның басын тобық жарақатына байланысты өткізіп алған ол алаңға оралғаннан кейін «Ньюкаслға» қарсы кездесуде гол соқты.
Аджайи Гамбургте дүниеге келген. Ол 10 жасында әкесімен бірге Англияға көшіп келген. 2025 жылы «Манчестер Юнайтедпен» стипендиялық келісімшартқа қол қойған.
Аджайимен келісімшартты ұзарту клуб үшін академияның тағы бір талантты ойыншысы — 15 жастағы Джей-Джей Габриэлге қатысты белгісіздік жағдайында маңызды болып отыр. Жас футболшы клубтан тіркеуін тоқтатуды сұраған.
Біздің серіктес: Sport12kz