15 сағат бұрын
«Ақтөбе» соңғы минутта «Ұлытаумен» тең түсті
Қазақстан Премьер-лигасының 27-турының соңғы ойыны «Ақтөбе» – «Ұлытау» командалары арасында өтті.
Матчта алғашқы есепті 18-минутта Артур Шушеначев ашты. Алайда бірінші таймның соңына қарай «Ұлытау» қатарынан екі гол соқты.
Алдымен Бақдәулет Зұлпықаров Котаро Кишидің пасын голға айналдырды. Араға аз уақыт салып Бақдәулет Зұлпықаров кезекті мәрте мергендік танытты. Осылайша Бақдәулет Зұлпықаров дубль авторы атанды.
Бірінші таймның қорытындысы бойынша «Ұлытау» 2:1 есебімен алға шықты.
Алайда «Ақтөбе» 90+5-минутта есепті теңестіріп үлгерді.
Нәтижесінде командалар бір-бір ұпайдан еншіледі.
Біздің серіктес: Sport12kz