4 сағат бұрын
Қазақстан UEFA Ұлттар лигасындағы ойындарға дайындығын бастады
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасындағы алдағы ойындарына дайындығын бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
Отандастарымыз С лигасында Фарер аралдары, Молдова және Словакиямен шеберлік байқасады.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип 2026 жылғы қыркүйек және қазан айларында өтетін ойындарға футболшылардың нақты тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасының тізімі
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Широбоков, Александр Мрынский (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский («Астана»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де – «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Дамир Қасаболат, Исмаил Бекболат (екеуі де – «Кайрат»).
Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов (екеуі де – «Астана»), Эльхан Астанов («Ордабасы»).
Қазақстандық футболшылар алдымен бұл турнирде қатарынан төрт матч өткізеді. Алдымен 26 және 29 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы ойнаса, 2 және 6 қазанда өз алаңында Молдова мен Фарер аралдарына қарсы кездесу өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz