Матч орталығы
Чемпионшип Футбол Миллуолл Миллуолл 16:30 Бүгін Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Сток Сток 16:30 Бүгін Шеффилд Шеффилд Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 16:30 Бүгін Чарльтон Чарльтон Премьер-лига Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 16:30 Бүгін Астон Вилла Астон Вилла Ла Лига Футбол Осасуна Осасуна 17:00 Бүгін Райо Вальекано Райо Вальекано Серия А Футбол Болонья Болонья 18:00 Бүгін Торино Торино Серия А Футбол Удинезе Удинезе 18:00 Бүгін Кальяри Кальяри Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 18:30 Бүгін Майнц Майнц Бундеслига Футбол Вердер Вердер 18:30 Бүгін Аугсбург Аугсбург Бундеслига Футбол Гамбург Гамбург 18:30 Бүгін Кельн Кельн Бундеслига Футбол Айнтрахт Айнтрахт 18:30 Бүгін Фрайбург Фрайбург Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 19:00 Бүгін Блэкберн Блэкберн Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 19:00 Бүгін Мидлсбро Мидлсбро Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 19:00 Бүгін Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 19:00 Бүгін Дерби Дерби Премьер-лига Футбол Ньюкасл Ньюкасл 19:00 Бүгін Халл Халл Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Бүгін Ипсвич Ипсвич Премьер-лига Футбол Брайтон Брайтон 19:00 Бүгін Арсенал Арсенал Чемпионшип Футбол КПР КПР 19:00 Бүгін Престон Престон Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 19:15 Бүгін Алавес Алавес

3 сағат бұрын

ҚФФ 2013 жылы туған футболшыларды скаутинг жасаудың кезекті кезеңін аяқтады

ҚФФ 2013 жылы туған футболшыларды скаутинг жасаудың кезекті кезеңін аяқтады

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының Элиталық жасөспірімдер футболы және таланттарды анықтау департаменті 2013 жылы туған футболшыларды скаутинг жасаудың кезекті кезеңін аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бақылау Өскемен, Шымкент, Петропавл және Алматы қалаларында өткен чемпионаттың қорытынды турында жүргізілді. ҚФФ мамандары 33 команданың қатысуымен өткен 80 матчты тамашалады.

Осы кезеңнің қорытындысы бойынша Long List тізіміне 64 футболшы енгізілді. ҚФФ-ның 2013 жылы туған ойыншыларды бақылау жүйесінде қазірдің өзінде 100-ден астам футболшы бар. Оларды бақылау келесі кезеңдерде де жалғасады.

Футболшыларды бағалау кезінде олардың техникалық және тактикалық қасиеттерімен қатар, әртүрлі ойын жағдайларындағы әрекетіне де назар аударылды. Әсіресе «Батыр» профилінің көріністеріне мән берілді: доптан айырылғаннан және допқа иелік ету ауысқаннан кейінгі реакциясы, өз қателігінен кейінгі әрекеті, допты сұрауға және қысым жағдайында шешім қабылдауға дайындығы, серіктестерімен коммуникациясы, допқа күрес кезіндегі әрекеті, сондай-ақ есеп қолайсыз болған кездегі команда мен ойыншының мінез-құлқы ескерілді.

«Батыр» профилі жекелеген жарқын эпизодты ғана емес, футболшының күрделі ойын жағдайларында бастама көтеру, жауапкершілік таныту, мінез көрсету және шешім қабылдау қабілетін қаншалықты тұрақты көрсете алатынын бағалауға мүмкіндік береді.

Кандидаттар бірнеше матчта бақыланды. Ойын күндерінен кейін Департамент мамандары бірлескен онлайн кездесулер өткізіп, футболшыларды талқылады және бақылау нәтижелерін салыстырды.

Бұл кезеңдегі скаутингтің негізгі мақсаты – бір матч немесе бір турнир қорытындысы бойынша үздіктерді анықтау емес, әрі қарай даму әлеуеті бар футболшыларды тауып, оларды жүйелі түрде бақылауды жалғастыру.

Келесі кезеңде 2013 жылы туған ойыншылар арасындағы Қазақстан кубогының алдын ала және финалдық кезеңдеріндегі матчтарда кандидаттарды бақылау жоспарланып отыр. Осы цикл аяқталғаннан кейін футболшылардың бір бөлігі селекциялық жиынға шақырылады.

Бақылау мен селекциялық жиынның қорытындысы бойынша футболшыларды кейінгі сүйемелдеу және ҚФФ Академиясына кандидаттарды анықтау жөнінде шешімдер қабылданады.

Жұмыс бүкіл ел бойынша әлеуеті жоғары жас футболшыларды жүйелі түрде іздеуге, бақылауға және дамытуға бағытталған ҚФФ-ның бірыңғай Talent ID жүйесі аясында жүргізілуде.


Біздің серіктес: Sport12kz