4 сағат бұрын
Қазақстан U-15 құрамасы УЕФА Даму турнирінде Ресейге жол берді
Қазақстан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы футболдан УЕФА Даму турнирінің қорытынды матчында Ресей құрамасына 1:0 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ануар Жағыппар шәкірттері тартысты кездесу өткізді. Алайда қарсыластың матчтың 89-минутында соққан жалғыз голы Ресей құрамасына жеңіс әкелді.
Қазақстан U-15 – Ресей U-15 – 0:1 (0:0)
Гол: Барон, 89
Аға жаттықтырушы: Әнуар Жағыппар
19.09.2026. Стара-Пазова, Сербия.
Осылайша, Қазақстан U-15 құрамасы Сербияда өткен халықаралық турнирдегі өнерін аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz