3 сағат бұрын
Жағажай волейболынан отандастарымыз Азия ойындарында камбэк жасады
Фото: Қазақстан ҰОК
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жағажай волейболынан ерлер арасында командалық сайыс басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сергей Богату және Кирилл Гуриннан құралған жұбымыз бірінші ойында Индонезиядан 2:1 (22:24, 21:19, 15:12) есебімен басым түсті.
Жігіттеріміз топтық кезеңде әлі Оңтүстік Корея (22 қыркүйек) мен Гонконгпен (25 қыркүйек) кездеседі.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Триатлоннан ерлер арасындағы Арлан Жанабайдың қола жүлде еншілесе, тас жолдағы велоспорттан әйелдер арасындағы жарыста Рината Сұлтанова алтын жүлде иеленді.
Еске салайық, ХХ жазғы Азия ойындары Аичи–Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz