7 сағат бұрын
«Атлетико» — «Реал»: матч қашан басталады және қайдан көруге болады?
Бүгін, 20 қыркүйекте Испания чемпионатының 7-туры аясында Мадридтің «Атлетико» және «Реал» командалары кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матч Мадридтегі «Сивитас Метрополитано» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 19:15-те басталады.
Ойынды ALTYN•DOP және SPORT12.KZ Telegram-арналарынан тікелей эфирде көруге болады.
Матч алдында «Атлетико» 13 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр. Ал «Реал» 15 ұпаймен үшінші сатыда орналасқан.
Келесі турда «Атлетико» 10 қазанда «Алавеспен», ал «Реал» сол күні «Вильярреалмен» кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz