8 сағат бұрын
ҚФФ Әділет Садыбековтің жазалануына қатысты түсініктеме берді
Фото: ҚФФ
ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 27-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Астана» - «Қайрат»
9-минут. Бұл эпизодта өрескел ереже бұзу жағдайы қарастырылады. Қонақтар командасының №6 ойыншысы қарсыласына қапталдан кешігіп сырғанай ойнайды.
Қайталаудан бұл әрекеттің жоғары қарқынмен жасалғаны көрінеді. Байланыс алаң иелері ойыншысының тобық тұсына жасалады. Байланыстың күші мен нүктесін ескерсек, мұндай әрекет қарсыласқа ауыр жарақат келтіру қаупін туғызады.
«Астана» ойыншысы ауыр жарақаттан секіріп үлгергенінің арқасында қорғанып қалады. Қайталауда ойыншының аяғы жерде тұрған сәтте табанының қатты бүгіліп кеткені де анық көрінеді.
Эпизодты монитордан қайта қарағаннан кейін төреші дұрыс шешім қабылдады.
Қорытынды: қызыл қағаз көрсетілуі орынды.
Біздің серіктес: Sport12kz