4 сағат бұрын
«Ордабасы» басшысы Бактиер Зайнутдинов қызығушылық бар екенін растады
«Ордабасы» командасының президенті Дархан Қызайбаев Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) клубының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновке қызығушылық бар екенін растады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ресейлік Sport24.ru жазды.
Қазір қазақстандық футболшы жарақатынан айығып жатыр. Қатарға жақын уақытта қосылады деп жоспарланып отыр.
Бактиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында доп тепті.
Футболшы мәскеулік клубқа былтыр ауысты. 27 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін жасалған.
Біздің серіктес: Sport12kz