5 сағат бұрын
Бүгін футболдан Ұлттар лигасының жаңа маусымы жалауын көтереді
Фото Global Look Press
Бүгін UEFA Ұлттар лигасының ойындары басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгінгі ойындар А, В, D лигаларында өткізіледі. Жанкүйерлер А лигасындағы Нидерланд - Германия, Португалия - Уэльс кездесулеріне ерекше қызығушылық білдіріп отыр.
А лигасы
Екінші топ
23:45. Сербия - Грекия
23:45. Нидерланд - Германия
Төртінші топ
23:45. Португалия - Уэльс
23:45. Норвегия - Дания
В лигасы
Үшінші топ
23:45. Косово - Ирландия
23:45. Аустрия - Израиль
D лигасы
Бірінші топ
23:45. Андорра - Мальта
23:45. Лихтенштейн - Литва.
Айта кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы С лигасының үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Словакия, Фарер аралдары және Молдова.
Еске салсақ, бұдан бұрын 2028 жылдан кейін UEFA Ұлттар лигасының форматы өзгереді.
UEFA Атқарушы комитеті Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен отырысында ерлер арасындағы ұлттық құрамаларға арналған турнирлердің жаңа тұжырымдамасын мақұлдады.
Ұлттар лигасы мен Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жаңартылған форматы 2028 жылғы құрлықтық додадан кейін енгізіледі.
2028/29 жылғы маусымнан бастап Ұлттар лигасы әрқайсысында 18 құрамадан тұратын үш лига форматына көшеді. Әр лига алты қомандадан құралған үш топқа бөлінеді. Бұрын құрамалар төрт лигадан тұратын доп додасында бақ сынайтын еді.
Еске салсақ, футболдан UEFA Ұлттар лигасы Фарер аралдары - Қазақстан құрамалары кездесуінде қай елдердің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz