8 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келіп жетті
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарына келіп жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
Бұл ойын Қазақстан уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесу барысында мальталық Ишмаэл Барбара бас төреші міндетін атқарса, оған отандастары Люк Портелли мен Джеймс Мускат көмекшілік жасайды.
Төртінші төреші де сол елдің өкілі Слободан Петрович. Бас төрешінің бейнеқайталау көмекшісі Павел Малец мен бейнеқайталау көмекшісіБартош Франковски Польшадан келеді.
Отандастарымыз бұл турнирде С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Молдова, Фарер аралдары және Словакия.
Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт матч өткізеді. Алдымен 26 және 29 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы, сондай-ақ 2 және 6 қазанда өз алаңында Молдова мен Фарер аралдарына қарсы кездесулер өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz