4 сағат бұрын
Альфия Тлекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды
Фото: Даяна Елюбаева
Қазақстандық спортшы Альфия Тлекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тбилиси қаласында (Грузия) пара дзюдодан әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшы Альфия Тлекқабыл J2 класында 52 кг салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде бразиялық Де Андрадені иппонмен ұтып, жарыстың жеңімпазы атанды.
Оған қоса, J1 класында -70 кг салмақ дәрежесінде Асылан Нұрдаулетов әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі.
Ал Ибрагим Нұрмаханұлы J2 класында -70 кг салмақта қола жүлдегер атанды.
Ертең, 26-шы қыркүйекте еліміздің 21 спортшысы 14 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Біздің серіктес: Sport12kz