1 сағат бұрын
Зинедин Зидан Франция құрамасы тізгініндегі алғашқы ойынын жеңіспен бастады
Фото. UEFA.com
Бүгін UEFA Ұлттар лигасының ойындары бірінші турының екінші ойын күні жалғасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгінгі ойындар А, В, С лигаларында өткізілді. Жанкүйерлер А лигасындағы Түркия - Франция, Италия - Бельгия кездесулеріне ерекше қызығушылық білдіріп отыр.
Тәжірибелі маман Зинедин Зидан Франция ұлттық құрамасы бас бапкері қызметіндегі алғашқы ойынын өткізді. Кездесу барысында франциялық футболшылар жылдам гол соғуға тырысты. Оған Түркия құрамасы мүмкіндік берген жоқ. Бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
Екінші кезеңде франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе 52-минутта көздеген нысанадан мүлт кетпей, өз құрамасын алға шығарды.
Бұл гол Зинедин Зиданның жетекшілігімен өткен алғашқы кездесуде Францияға жеңіс алып келді.
Италиялық футболшылар бұл жолы турнирді сәтсіз бастады. Кездесу барысында бельгиялық құрама жинақы қимылымен көзге түсті. Алдымен олардың қатарынан Мика Годтс 20-минутта гол соқса, 69-минутта Доди Лукебакио есепті үстемелей түсті.
Осылайша Бельгия қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
25 қыркүйек
А лигасы
Бірінші топ
Түркия - Франция 0:1
Италия - Бельгия 0:2
В лигасы
Екінші топ
Грузия - Солтүстік Ирландия 0:1
Венгрия - Украина 0:1
Төртінші топ
Польша - Босния және Герцоговина 0:0
Швеция - Румыния 2:1
С лигасы
Екінші топ
Армения - Латвия 2:0
Черногория - Кипр 2:1.
Айта кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы С лигасының үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Словакия, Фарер аралдары және Молдова.
Отандастарымыз ертең, 26 қыркүйекте алғашқы ойынын Фарер аралдарына қарсы өткізеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ұлттар лигасында Нидерланд пен Германия тең нәтижеге қанағат білдірді.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт матч өткізеді. Алдымен 26 және 29 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы, сондай-ақ 2 және 6 қазанда өз алаңында Молдова мен Фарер аралдарына қарсы кездесулер өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz