4 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы бүгін Ұлттар лигасында алғашқы ойынын өткізеді
Фото: ҚФФ
Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасында алғашқы ойынын Фарер аралдарына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама қазірге дейін бес мәрте кездесті. Оның үшеуінде отандастарымыз қарсыласына есе жіберіп, біреуінде тең түссе, біреуінде жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Широбоков, Александр Мрынский (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский («Астана»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де – «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Дамир Қасаболат, Исмаил Бекболат (екеуі де – «Кайрат»).
Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов (екеуі де – «Астана»), Эльхан Астанов («Ордабасы»).
Фарер аралдары құрамасы
Қақпашылар: Бардур а Рейнатрёд («Викингур»), Маттиас Хединссон Ламхауге («Стрёмсгодсет», Норвегия), Ари и Харальдстову Петерсен (ИБВ, Исландия);
Қорғаушылар: Гуннар Ватнхамар («Вайле», Дания), Андриас Эдмундссон («Верона», Италия), Одмар Ферё («КИ Клаксвик»), Самуэль Чуквуди («Рид», Австрия), Хейни Ватнсдаль («Б-36 Торсхавн»), Вильормур Давидсен («НСИ Рунавик»), Мартин Агнарссон («Мьельбю», Швеция), Аси Дам («ХБ Торсхавн»), Йоаннес Кальсё Даниэльсен («КИ Клаксвик»), Янн Юлин Беньяминсен («НСИ Рунавик»);
Жартылай қорғаушылар: Геза Давид Тури («Гримсби Таун», Англия), Поуль Кальсберг («Хиллерёд», Дания), Эмиль Вайхе Йоэнсен («НСИ Рунавик»), Маттиас Хеллисдаль («Вестерос», Швеция), Йоханнес Бьорталид («Қызылжар», Қазақстан), Ханус Сёренсен («Алюминий», Словения), Аки Самуэльсен («Мьельбю», Швеция);
Шабуылшылар: Петур Кнудсен («НСИ Рунавик»), Адриан Юстинуссен («Хорсенс», Дания), Полль Андрассон Клеттскард («КИ Клаксвик»).
Қазақстандық футболшылар 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды.
Айта кетсек, бұдан бұрын 2028 жылдан кейін UEFA Ұлттар лигасының форматы өзгереді.
2028/29 жылғы маусымнан бастап Ұлттар лигасы әрқайсысында 18 құрамадан тұратын үш лига форматына көшеді. Әр лига алты қомандадан құралған үш топқа бөлінеді. Бұрын құрамалар төрт лигадан тұратын доп додасында бақ сынайтын еді.
Біздің серіктес: Sport12kz