8 сағат бұрын
Стас Покатилов Фарер аралдары - Қазақстан кездесуінде негізгі құрамда шығады
Әзербайжанның «Сабах» командасының қақпашысы Стас Покатилов UEFA Ұлттар лигасы Фарер аралдары - Қазақстан кездесуінде ойынды негізгі құрамда бастайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
Стас Покатилов 1992 жылы дүниеге келген. Ол ұлттық құрама сапында 2015 жылдан бері 28 кездесуде 54 гол жіберіп алды. Мансабында Стас қазақстандық бірқатар клубтарда ойын көрсетті. Биылғы жылдан бері Әзербайжанның «Сабах» клубына ауысты.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 21:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама қазірге дейін бес мәрте кездесті. Оның үшеуінде отандастарымыз қарсыласына есе жіберіп, біреуінде тең түссе, біреуінде жеңіске жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz