7 сағат бұрын
ҚФФ скауттары Balgyn league турнирінде футболшыларды бақылаудан өткізді
Фото: ҚФФ
5-25 қыркүйек аралығында Қазақстан футбол федерациясының мамандары Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында өткен Balgyn League финалдық ойындарының қатысушы қыздарын бақылаудан өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнир - Talent ID жүйесі аясында скауттардың әлеуетті футболшыларды жарыс жағдайында тұрақты түрде бақылайтын алаңдардың бірі.
Ойыншылар BATYR QYZ әдістемесі бойынша бағаланды. Бұл ретте олардвң алаңдағы нәтижелі әрекеттері ғана емес, шешім қабылдай білуі, доппен және допсыз ойнау, жылдамдылық, ойынның ауысу кезеңдеріндегі әрекеттері және командаластарымен өзара байланысы ескерілді.
Скауттар ойыншылардың мықты тұстары мен даму бағыттарын белгілеп, маңызды ойын сәттерінің бейнежазбаларын сақтайды, өзара бақылау нәтижелерін салыстырады. Әлеуетті ойыншылар алдағы жарыстарда да ҚФФ мамандарының назарында болады.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - талантты футболшы қызды қаласына, командасына немесе қатысатын турниріне қарамастан анықтауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ оның даму динамикасын жүйелі түрде бағалайтын жүйе қалыптастыру.
Біздің серіктес: Sport12kz