Матч орталығы
УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Словения Словения 0:0 Аяқталды Шотландия Шотландия Бундеслига Баскетбол Бавария Бавария 95:61 Аяқталды Альба Альба Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Кувейт Кувейт 2:3 Аяқталды Ирак Ирак УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Фарерские аралдары Фарерские аралдары 1:1 Аяқталды Қазақстан Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Болгария Болгария 1:2 Аяқталды Люксембург Люксембург УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Исландия Исландия 1:1 Аяқталды Эстония Эстония УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сан-Марино Сан-Марино 0:7 Аяқталды Финляндия Финляндия Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Оман Оман 0:3 Аяқталды Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Солтүстік Македония Солтүстік Македония 0:3 Аяқталды Швейцария Швейцария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Албания Албания 2:0 Аяқталды Беларусь Беларусь УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Чехия Чехия 1:2 Аяқталды Хорватия Хорватия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Англия Англия 2:3 Аяқталды Испания Испания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Словакия Словакия 2:0 Аяқталды Молдова Молдова Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол АҚШ АҚШ 1:1 21 Перу Перу Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Канада Канада 04:00 Бүгін Чили Чили Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Мексика Мексика 06:00 Бүгін Колумбия Колумбия Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол ЦСКА ЦСКА 17:00 Бүгін Пари НН Пари НН Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Шанхай Шэньхуа Шанхай Шэньхуа 17:00 Бүгін Зенит Зенит УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Литва Литва 18:00 Бүгін Әзербайжан Әзербайжан Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Партизан Партизан 18:00 Бүгін Родина Родина

4 сағат бұрын

Қазақстан Ұлттар лигасын тең нәтижемен астады

Қазақстан Ұлттар лигасын тең нәтижемен астады

Фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасында алғашқы ойынын Фарер аралдарына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ойын алдында ел құрамасы сапында бірқатар қиындық кездесті. Алған жарақатына байланысты Максим Самородов, Дастан Сәтпаев, Ислам Чесноков секілді футбошылар кездесуге қатыса алмайтыны белгілі болды. Сондықтан Джон ван ’т Скип алғашқы минуттан Стас Покатилов, Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Темірлан Ерланов, Александр Мрынский, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман, Ғалымжан Кенжебек, Жасұлан Әмір, Артур Шушеначев сынды шәкірттеріне үміт артты.

Алғашқы минуттан қос құрама бірден шабуылға шықты. Ойынның 15-минутта фарерлік Оки Самуэльсен есеп ашса, 26-минутта Темірлан Ерланов таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде қарсыластар есепті өзгертуге тырысты. Толассыз шабуыл ұйымдастырып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Соған қарамастан есеп өзгеріссіз қалды.

Осылайша Қазақстан және Фарер аралдары құрамалары 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Енді бұл топта бүгін, 26 қыркүйекте Қазақстан уақытымен 23:45-те Словакия - Молдова шеберлік байқасады.

Қазақстандық футболшылар 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды.

Айта кетсек, бұдан бұрын 2028 жылдан кейін UEFA Ұлттар лигасының форматы өзгереді.

2028/29 жылғы маусымнан бастап Ұлттар лигасы әрқайсысында 18 құрамадан тұратын үш лига форматына көшеді. Әр лига алты қомандадан құралған үш топқа бөлінеді. Бұрын құрамалар төрт лигадан тұратын доп додасында бақ сынайтын еді.


Біздің серіктес: Sport12kz