3 сағат бұрын
Бокстан Қазақстан құрамасында 27 қыркүйекте Азия ойындарында кімдер шығады
Фото: Қазақстан ҰОК
2026 жылғы Азия ойындарында 27 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні Аида Әбікеева, Айбек Оралбай шаршы алаңға шығады.
¼ финалдық жекпе-жектер 27 және 28 қыркүйек күндеріне белгіленген. Жарыстың бұл сатысында еліміздің атынан ерлер құрамасынан төрт, әйелдерде үш боксшы шаршы алаңға шығады.
Ел құрамасынан алдымен 1/4 финалда 13:00-де Аида Әбікеева (55 келі) қытайлық Шу Лимен қолғап түйістірсе, 15:00-де 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай қырғызстандық Мирзакир Кошалиевпен кездеседі.
Сондай-ақ 28 қыркүйекте Алуа Балқыбекова (51 келі), Наталья Богданова (75 келі), Махмұд Сабырхан (60 келі), Төрехан Сабырхан (80 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі) ширек финал жекпе-жегін өткізеді.
https://kaz.inform.kz/news/kazakstandik-boksshilar-aziya-oyindarinda-shirek-finalda-kmdermen-kezdesed-b651de3a
Қазірге дейін ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі),Виктория Графеева (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан
Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.
Ақбота Тұрсынбек.
Біздің серіктес: Sport12kz