7 сағат бұрын
Исламбек Қуат Қазақстан құрамасында рекорд жаңартты
Фото: ҚФФ
Қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат ұлттық құрама сапында ойындарға қатысу жөнінен тізімде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Елордалық «Жеңіс» командасының ойыншысы UEFA Ұлттар лигасының алғашқы турындағы Фарер аралдарымен кездесуде өзінің 74 матчын өткізді. Ойын барысында құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Исламбек Қуат Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы ойынында 2015 жылы 3 қыркүйекте Чехия (1:2) қарсы кездесуде негізгі құрамда жасыл алаңға шыққан еді. Сол уақыттан бері футболшы ұлттық құрама сапында алты гол соғып үлгерді.
Қазақстан құрамасында көп ойын өткізгендер1992-2026 (2026 жылдың 26 қыркүйегіне дейін)
1. Самат Смаков – 76 ойын;
2. Сергей Малый – 75;
3. Исламбек Қуат – 74;
4. Руслан Балтиев – 73;
5-6. Асхат Тағыберген – 65;
5-6. Ян Вороговский – 65.
Исламбек Қуат 1993 жылы Қарағанды облысы Шет ауданындағы Ақадыр кентінде дүниеге келді. «Астана» футбол клубының түлегі өз мансабында қазақстандық «Оқжетпес», «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана», ресейлік «Оренбург», «Химки» клубтарының намысын қорғады.
Біздің серіктес: Sport12kz