Матч орталығы
УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грузия Грузия 0:0 Аяқталды Украина Украина УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Латвия Латвия 0:0 Аяқталды Кипр Кипр УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Армения Армения 2:3 Аяқталды Черногория Черногория УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Румыния Румыния 2:4 Аяқталды Босния және Герцеговина Босния және Герцеговина УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Швеция Швеция 3:1 Аяқталды Польша Польша УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Түркия Түркия 1:4 Аяқталды Италия Италия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Бельгия Бельгия 0:1 Аяқталды Франция Франция УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Солтүстік Ирландия Солтүстік Ирландия 0:0 Аяқталды Венгрия Венгрия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Аустралия Аустралия 15:00 Бүгін Бразилия Бразилия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Финляндия Финляндия 21:00 Бүгін Беларусь Беларусь Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Ресей Ресей 21:00 Бүгін Иран Иран УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Молдова Молдова 21:00 Бүгін Фарерские аралдары Фарерские аралдары Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 22:30 Бүгін Ирак Ирак Еуролига Баскетбол Фенербахче Фенербахче 22:45 Бүгін Бавария Бавария Еуропа чемпионаты U21, іріктеу Футбол Ирландия U21 Ирландия U21 23:00 Бүгін Қазақстан U21 Қазақстан U21 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Словения Словения 23:45 Бүгін Солтүстік Македония Солтүстік Македония УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Люксембург Люксембург 23:45 Бүгін Исландия Исландия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Болгария Болгария 23:45 Бүгін Эстония Эстония УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Шотландия Шотландия 23:45 Бүгін Швейцария Швейцария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Чехия Чехия 23:45 Бүгін Англия Англия

6 сағат бұрын

Владимир Вайсс Қазақстан құрамасының осал тұсына тоқталды

Владимир Вайсс Қазақстан құрамасының осал тұсына тоқталды

Фото: ҚФФ

Футболдан Словакия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс ертең, 29 қыркүйекте Ұлттар лигасы аясында өтетін Қазақстанға қарсы кездесу жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бас бапкер журналистермен жүздесу барысында өзінің Қазақстанда қызмет атқарған кезеңі туралы пікірін білдірді.

- Мен әрдайым «Қайрат», Қайрат Боранбаевқа, қазақстандық футболға және сол жерде жұмыс істеген адамдарға үлкен құрметпен қараймын. Соңғы он жылда Қазақстан құрамасы үлкен жолға түсті, оны Қайрат Советайұлының еңбегі деп бағалаймын. Қазір ұлттық құрамада клубтың түлектері көп. Онда «Ақтөбе», «Ордабасы», «Қайра«» және «Астана» ойыншылары жинақталған. Мен Қазақстанды әрқашан жылы сөзбен еске аламын, бірақ ертең ұлттық құраманы біздің қарсыласымыз деп санаймын, - деді маман.

Сондай-ақ словакиялық маман Словакияның төрт жыл бұрын Ұлттар лигасында Қазақстанға екі мәрте жеңіліп қалғанын атап өтті.

«Бұдан қорытынды жасау керек, өйткені бұл нәтижелер кездейсоқ болған жоқ. Қазақстан – жақсы дайындалған, ұйымдасқан команда. Ертең мен қиын ойын күтемін. Әрине, біз үшін сапалы ойын көрсету маңызды. Бүгін мен Словакия құрамасының бапкерімін, міндетім - өз футболшыларымның сенімділігін арттыру және қарсылас құраманың әлсіз жағын табу. Бұл менің жұмысымның бір бөлігі. Мен барлық қазақстандық жігіттерді жақсы білемін. Барлығы алаңда жеке және командалық әрекеттер есебінен шешіледі», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Словакия мен Қазақстан құрамалары арасындағы Ұлттар Лигасының екінші турының матчы 29 қыркүйекте Кошицада өтеді. Бастапқы ысқырық Астана уақыты бойынша сағат 23:45-те естіледі.

Бұған дейін Ұлттар Лигасының 2022 жылғы ұтыс ойынында құс құраманың жолы түйіскен еді. Сол жолы Қазақстан словактарды екі рет сенсациялық түрде жеңді (Трнавада 1:0 және Астанада өз алаңында 2:1).


Біздің серіктес: Sport12kz