4 сағат бұрын
Ұлттар лигасы: Қазақстан Словакияға қарсы құрамын жариялады
Фото: ҚФФ
Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасы екінші турында Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу 29 қыркүйекте Қазақстан уақытымен 23:45-те Словакияда өтеді.
Отандастарымыз бұл турнирде С лигасы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Молдова, Фарер аралдары және Словакия.
Аталған ойынға хорватиялық Патрик Коларич бас төреші ретінде бекітілген. Оған отандастары Лука Паич пен Иван Старчевич көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Иван Вуканчич. Ал VAR төрешісі міндеті тағы бір хорватиялық Марио Зебецке жүктелсе, VAR ассистенті ретінде Иван Матич қызмет атқарады.
Қазақстан: Стас Покатилов (Қ) – Наурызбек Жагоров, Нұралы Әліп, Темірлан Ерланов, Арсен Әшірбек – Дінмұхамед Қараман, Исламбек Қуат, Исмаил Бекболат – Жасұлан Әмір, Станислав Басманов, Рамазан Каримов;
Қосалқы құрам: Темірлан Анарбеков (Қ), Александр Заруцкий (Қ) – Александр Мрынский, Ян Вороговский, Сергей Малый, Дамир Қасаболат – Георгий Жуков, Азамат Тұяқбаев, Рамазан Оразов, Эльхан Астанов – Артур Шушеначев, Ғалымжан Кенжебек,
Бас бапкер: Джон ван ’т Шкип.
Алғашқы турда Қазақстан сырт алаңда Фарер аралдарымен 1:1 есебіне қанағат білдірсе, Словакия өз алаңында 2:0 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: Sport12kz