4 сағат бұрын
«Астана» Бірінші лига көшбасшысын жеңді
Елордалық «Астана» халықаралық үзіліс кезеңінде Қарағандының «Шахтерімен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында астаналық футболшылар қарсылас қақпасына үш гол соғып, өз қақпасына бір гол жіберіп алды. Осылайша олар 3:1 есебімен басым түсті.
Биыл «Астана» Қазақстан Премьер-лигасында үшінші орында келе жатса, «Шахтер» Бірінші лигада көш бастап келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz