Матч орталығы
Африка ұлттар кубогы, іріктеу Футбол Лесото Лесото 0:2 Аяқталды Марокко Марокко УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Финляндия Финляндия 0:0 Аяқталды Беларусь Беларусь УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Молдова Молдова 1:1 Аяқталды Фарерские аралдары Фарерские аралдары Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Ресей Ресей 2:0 Аяқталды Иран Иран КХЛ Хоккей ЦСКА ЦСКА 6:5 Аяқталды СКА СКА Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 2:0 Аяқталды Ирак Ирак Еуролига Баскетбол Фенербахче Фенербахче 100:76 Аяқталды Бавария Бавария Еуропа чемпионаты U21, іріктеу Футбол Ирландия U21 Ирландия U21 4:3 Аяқталды Қазақстан U21 Қазақстан U21 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Испания Испания 4:1 Аяқталды Хорватия Хорватия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Словакия Словакия 2:1 Аяқталды Қазақстан Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сан-Марино Сан-Марино 0:3 Аяқталды Албания Албания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Чехия Чехия 0:2 Аяқталды Англия Англия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Шотландия Шотландия 0:3 Аяқталды Швейцария Швейцария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Болгария Болгария 0:0 Аяқталды Эстония Эстония УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Люксембург Люксембург 0:3 Аяқталды Исландия Исландия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Словения Словения 2:0 Аяқталды Солтүстік Македония Солтүстік Македония Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол АҚШ АҚШ 05:00 Бүгін Чили Чили Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Мексика Мексика 06:00 Бүгін Перу Перу Пекин мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 07:00 Бүгін Якуб Меншик Якуб Меншик Еуропа чемпионаты U21 Футбол Фарер аралдары U21 Фарер аралдары U21 21:00 Бүгін Люксембург U21 Люксембург U21

4 сағат бұрын

Кристина Овчинникова Азиаданың күміс жүлдесі жайлы айтты

Кристина Овчинникова Азиаданың күміс жүлдесі жайлы айтты

Фото: Қазақстан ҰОК, Сали Сабиров

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында биіктікке секіруден күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ақтық сайыстан кейін спортшы бұл жүлдеге жету жолы, жарақатынан кейін қалпына келуі және күміс медаль алған сәттегі сезімі туралы айтып берді.

"Мен үшін биылғы жыл өте қиын болды. Осы Азия ойындары өткен додадан кейінгі үлкен дайындығымның соңғы нүктесі болған шығар. Осы жерде өнер көрсетіп, Қазақстанның намысын қорғау үшін үш жыл бойы дайындалдым.

Қазір еліміздің туын бәрінен жоғары көтере алмағаныма аздап көңілім түсіп тұр. Бірақ арада бірнеше сағат өткен соң осы күміс жүлдеге шын қуана бастайтынымды білемін. Өйткені биылғы жыл өте ауыр өтті.

Әрине, ауа райы да әсер етті. Егер ауа райы қолайлырақ әрі тыныш болғанда, қыздардың барлығы бұдан да жоғары нәтиже көрсетер еді деп ойлаймын. Қазір Азияда бәріміздің көрсеткіштеріміз шамалас. Мұны жарысқа қатысушылар тізімінен де, жүлделі орындардың қалай бөлінгенінен де анық байқауға болады.

Бірақ Азияда жаңбыр жиі жауады, біз оған дайынбыз. Сондықтан мәселе климатта емес. Әркім өз дайындық деңгейіне сай өнер көрсетті.

Бұл медаль мен үшін ерекше. Соңғы үш жылда ірі жарыстардан алған алғашқы жүлдем. Осы жерге жету жолында түрлі қиындықтарды бастан өткердім.

Біріншіден, осы жерде болғаныма, екіншіден, медальмен қайтып бара жатқаныма қатты қуаныштымын. Негізі, медальдің қандай түсті болғаны соншалықты маңызды емес сияқты. Кез келген жүлдеге қуанар едім. Бірақ күміс алсаң, алтынның бұйырмағанына қынжыласың. Бәлкім, қола жүлдеге соншалық өкінбес едім.

2024 жылы Олимпиадаға іріктеуден өте алмай қалғаннан кейінгі кезең мен үшін өте ауыр болды. Жарақатыммен алыстым, жаттықтырушыларымды ауыстырдым. Қазір қасымда өз ісін жақсы білетін тамаша мамандардан құралған команда бар.

Германиялық маманның жетекшілігімен жаттығамын. Ал Астанада Юрий есімді жаттықтырушымен бірге оңалту және дене дайындығымды шыңдау жұмыстарын жүргіземін. Жалпы, өзіме қолайлы жағдайдың бәрін біртіндеп жасадым. Еңбегімнің нәтижесі қазір көрініп жатыр.

Өзім қалаған нәтижеге сәл жетпей қалдым. Әрине, бұдан да жоғары секіргім келді. Бірақ бұл жолы жаңбыр әсер етті. Оның үстіне жарақатым әлі де мазалайды. Соған қарамастан, оны бақылауда ұстап, осындай жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Қазақстан қоржынына медаль салғаныма қуаныштымын.

Иә, оңай болған жоқ. Шынымды айтсам, қазір бұдан артық сөз айта алмаймын. Әзірге осының бәрін ой елегінен өткізіп, қабылдап алуым керек.

Әрине, бұл медальді Қазақстанға арнаймын. Соңғы екі жылдан бері Қарағанды облысының атынан өнер көрсетіп жүрмін. Қарағанды мені ерекше қолдады. Биыл басымнан ауыр жағдай өтті – үйім өртеніп кетті… Қысқасы, биылғы жыл мен үшін оңай болған жоқ.

Бұл медальді барша қазақстандықтарға, отбасымa, жаттықтырушыларымa, Қарағандыға, жалпы маған қолдау көрсеткен барша жанға арнаймын. Бұл жүлдеге тек өзімнің ғана еңбегім сіңді деп ойламаймын. Сондықтан оны айналамдағы әр адамға бөліп бергім келеді.

Оның қандай үлгіде жасалғанын білмеймін. Бірақ медальді бөліп-жармай, бәрін біріктіріп, тұтас күйінде сақтағым келеді. Бұл медаль мен үшін отаным секілді ыстық. Мен осы елдің бір бөлшегімін", – деді Овчинникова.





Біздің серіктес: Sport12kz