2 сағат бұрын
Eуро-2027: Қазақстан U21 құрамасы Ирландиямен тартысты ойын өткізді
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын 29 қыркүйекте Ирландияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында қарсыластар тартысты ойын өткізді. Алдымен қазақстандық Артём Литош 1-минутта есеп ашса, одан кейін ирландиялық Алекс Мёрфи 21, Джейми Маллинз 29-минутта екі гол соғып кетті.
Ойынның 38-минутында қазақстандық Рамазан Каримов таразы басын теңестірсе, ирландиялық Сэм Кёртис 46-минутта қайтадан Ирландияны алға шығарды.
Ал 52-минутта қазақстандық Сұлтан Асқаров мергендігімен көзге түссе, ирландиялық Томас Лонерган 86-минутта мүлт кеткен жоқ.
Осылайша отандастарымыз қарсыласына 3:4 еесбімен есе жіберді.
Ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Саятхан Құсайынов («Тұран»), Шерхан Қалмұрза («Қайрат»), Мирас Рихард («Ертіс»).
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Саламат Жұмабеков (екеуі де - «Қайсар»), Санжар Әнуаров («Астана»), Әли Тұрғанов («Ордабасы»), Рамазан Кәрімов, Сағи Мәлікайдар (екеуі де – «Ертіс»), Сергей Иванов («Алтай»).
Жартылай қорғаушылар: Сэйф Попов («Алтай»), Ахметали Қалтанов («Астана»), Жансұлтан Мұхамедханов («Оқжетпес»), Мұхамедәлі Әбіш, Олжас Байбек («Қайрат»), Мирас Оматай («Елімай»), Әбинұр Нұрымбет («Ордабасы»), Никита Губарев («Қызылжар»)
Шабуылшылар: Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»), Мансұр Бірқұрманов («Қайрат»), Артем Литош («Шахтер»), Ян Труфанов («Атырау»).
Қазірге дейін Андорраны 1:0 есебімен жеңіп, Молдовамен 1:1 есебімен тең түссе, Англиядан 0:2, 2:4, Андоррадан 0:1, Словакиядан 1:2, 1:3 және Ирландиядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Отандастарымыз енді 6 қазанда Молдованың Ниспорены қаласында жергілікті құрамамен шеберлік байқасады.https://informsports.kz/kk/euro-2027-kazakstan-u21-kuramasi-sirt-alanda-irlandiyamen-kezdesed-bdc735ed
Ақбота Тұрсынбек.
Біздің серіктес: Sport12kz