7 сағат бұрын
Азиада-2026: қазақстандық 5 дзюдошы 1 қазанда татамиге шығады
Фото: Қазақстан ҰОК
Аичи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыстар жалғасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
1 қазан күні, жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының бес дзюдошысы татамиге шығады:
Бақытжан Абдурахманов — 73 кг
Әділет Алмат — 81 кг
Ажар Асхат — 70 кг
Дана Әбдірова — 57 кг
Эсмигүл Куюлова — 63 кг
Басталуы — 7:00
Финалдық кезең — 13:00
Жарыстарды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
Жарыстың алғашқы күні, 30 қыркүйекте Әбиба Әбужақынова (48 келі), Елдос Сметов (60 келі) күміс жүлдегер атанса, Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) пен Меруерт Сәрсенова (52 келі) бесінші орынға тұрақтады.
Сондай-ақ 2 қазанда Айдар Арапов (90 келі), Марат Байкамуров (100 келі), Ерасыл Қажыбаев (100 келі), Екатерина Токарева (78 келі), Аида Тойшыбекова (78 келі) сынды балуандарға үміт артамыз.
Біздің серіктес: Sport12kz