Матч орталығы
КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 4:1 Аяқталды Барыс Барыс Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Литва Литва 3:0 Аяқталды Андорра Андорра КХЛ Хоккей Локомотив Локомотив 3:1 Аяқталды Сибирь Сибирь КХЛ Хоккей Спартак Спартак 2:4 Аяқталды Трактор Трактор КХЛ Хоккей Сочи Сочи 6:3 Аяқталды Салават Юлаев Салават Юлаев Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол БАӘ БАӘ 1:1 Аяқталды Катар Катар Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Бахрейн Бахрейн 2:5 Аяқталды Йемен Йемен Ұлттық лига Хоккей Лозанна Лозанна 6:5 Пенальтиден соң Серветт Серветт Еуролига Баскетбол Маккаби Тель-Авив Маккаби Тель-Авив 93:109 Аяқталды Бешикташ Бешикташ Еуролига Баскетбол Панатинаикос Панатинаикос 102:79 Аяқталды Асвел Асвел Адана женщины Теннис Калья Буйюкаксай Калья Буйюкаксай 1:2 Аяқталды Лукреция Стефанини Лукреция Стефанини Еуропа кубогы, қыздар Футбол Спортинг (Қ) Спортинг (Қ) 2:2 Аяқталды Брондбю (Қ) Брондбю (Қ) Примера дивизионы Футзал Барселона Барселона 6:1 Аяқталды О Парруло Феррол О Парруло Феррол Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Аргентина Аргентина 05:00 Бүгін Боливия Боливия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Польша U19 Польша U19 14:30 Бүгін Қазақстан U19 Қазақстан U19 Пекин мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 17:10 Бүгін Якуб Меншик Якуб Меншик Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Өзбекстан Өзбекстан 19:00 Бүгін Сирия Сирия Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Вольфсбург Вольфсбург 19:00 Бүгін Хавелсе Хавелсе Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Штутгарт Штутгарт 20:30 Бүгін Гройтер Фюрт Гройтер Фюрт УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Әзербайжан Әзербайжан 21:00 Бүгін Лихтенштейн Лихтенштейн

6 сағат бұрын

Отандық төрешілер халықаралық матчтарға тағайындалды

Отандық төрешілер халықаралық матчтарға тағайындалды

Фото: ҚФФ

Отандық төрешілер корпусының өкілдері УЕФА аясында өтетін матчтарға бірден үш мәртебелі тағайындау алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық мамандарға жастар арасындағы Еуропа чемпионатының (U-21) іріктеу кезеңі, УЕФА Ұлттар лигасы және әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының ойындарында қызмет ету сеніп тапсырылды.

Болат Сәриев бастаған толықтай қазақстандық төрешілер бригадасы 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Сан-Марино – Испания құрамалары арасындағы матчқа қызмет көрсетеді. Кездесу 1 қазанда Серравалле қаласындағы «Стадио Сан-Марино» стадионында өтеді. Болат Сәриевке Юрий Тихонюк пен Денис Лабашов көмектеседі. Қосалқы төреші қызметін Данил Горда атқарады. Айта кетерлігі, қазақстандық төрешілер бригадасының тағайындалуы Испания корольдік футбол федерациясының ресми ресурстарында ерекше атап өтілді.

Ал әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасында отандық футбол үшін тарихи оқиға орын алды. Татьяна Сорокопудова италиялық «Рома» мен испаниялық «Барселона» арасындағы матчқа бейнеассистент төреші (AVAR) ретінде тағайындалды. Кездесудің бас төрешісі Кирсти Доул болса, бейнеассистент төреші (VAR) қызметін Питер Бэнкс атқарады. Осылайша, Қазақстаннан шыққан әйел төреші алғаш рет УЕФА-ның ресми клубтық турнирі аясындағы матчта VAR бригадасының құрамына енді.

Сонымен қатар ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуно Каштру 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші тур аясында өтетін Грекия – Нидерланд құрамалары арасындағы матчқа УЕФА инспекторы ретінде тағайындалды. Бұл кездесуге Марко Гуида бастаған италиялық төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді. VAR жүйесінде Даниэле Киффи мен Валерио Марини жұмыс істейді.



Біздің серіктес: Sport12kz