6 сағат бұрын
Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай финалда қазақстандық жұп Қытай Тайбэйінің өкілдері Се Шувэй мен Лян Эньшоға қарсы ойнады.
Екі сетке созылған кездесу Путинцева мен Данилинаның 6:7 (3:7), 6:7 (5:7) есебімен жеңілуімен аяқталды.
Осылайша, Путинцева мен Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында жартылай финалға дейін жетіп, Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды. Азия ойындарының теннис турнирінде үшінші орын үшін матч өткізілмейді, сондықтан жартылай финалда жеңілген екі жұп та қола медаль алады.
Юлия Путинцева үшін бұл биылғы Азия ойындарындағы екінші қола медаль. Бұған дейін Қазақстан өкілі жекелей сында да жүлделі үшінші орынға ие болған еді.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындарындағы теннис жарыстары Жапонияда өтіп жатқан мультиспорттық дода аясында ұйымдастырылды. Қазақстан спортшылары жекелей, жұптық және аралас жұптық сындарда өнер көрсетті.
Біздің серіктес: Sport12kz