6 сағат бұрын
Астанада Премьер-лига клубтарының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті
Фото: ҚФФ
Астанадағы Футбол үйінде Премьер-лига клубтары арасында 2027 жылғы ҚР чемпионаты маусымына дайындық мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жиынға ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн, Бас хатшының орынбасары Александр Кеплин, Кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының атқарушы директоры Ержан Мұсабеков, директордың орынбасары Павел Демян және Премьер-лига клубтарының басшылары қатысты.
ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн 2027 жылғы маусымда Премьер-лига матчтарының телетрансляциялары, ойын күнтізбесінің жобасы, сондай-ақ ҚФФ өткізетін жарыстарға БАҚ-тар өкілдерін аккредиттеу мәселелері туралы баяндады.
Сонымен қатар 2026–2028 жылдардағы ҚР футбол чемпионатының Премьер-лига клубтары арасындағы жарыс регламентіне енгізілетін өзгерістер қаралды.
Кеңес сұрақ-жауап сессиясымен қорытындыланды. Онда клуб өкілдері ҚФФ басшылығымен жаңа маусымға дайындықты ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Біздің серіктес: Sport12kz