7 сағат бұрын
Қазақ футболының трагедиясы: Астанада ел құрамасы Молдоваға есе жіберді
Фото: ҚФФ
Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасы үшінші турында Қазақстан құрамасы кезекті ойынын елордада Молдоваға қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында қарсыластар жылдам гол соғуға тырысты. Десе де бірінші кезеңнің соңына дейін бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмай жатты. Ойын барысында молдовалық футболшылардың белсенділігі байқалып тұрды. Олардың тарапынан көбірек соққы жасалды.
Ойынның 45-минутында Ники Клещенко өз мүмкіндігін мүлт жібермей, Молдова құрамасын алға шығарды.
Екінші кезеңде молдовалық Петру Попеску 50-минутта есеп айырмасын қысқартса, қазақстандық Нұралы Әліп 64-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.
Қазірге дейін қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасында Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түссе, Словакияға 1:2 есебімен есе жіберді.
Енді отандастарымыз алдағы ойынын елордада 6 қазанда Фарер аралдарына қарсы өткізеді.
Екі құрама қазірге дейін жеті мәрте кездескен еді. Оның ішінде отандастарымыз төрт мәрте жеңіске жетіп, біреуінде тең түссе, қалғанында қарсыласына есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын 2028 жылдан кейін UEFA Ұлттар лигасының форматы өзгереді.
UEFA Атқарушы комитеті Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен отырысында ерлер арасындағы ұлттық құрамаларға арналған турнирлердің жаңа тұжырымдамасын мақұлдады.
Ұлттар лигасы мен Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жаңартылған форматы 2028 жылғы құрлықтық додадан кейін енгізіледі.
Біздің серіктес: Sport12kz