4 сағат бұрын
Ұлттар лигасы: Қазақстан - Молдова кездесуінде кім үздік атанды?
Фото: ҚФФ
Беделді SofaScore сараптамалық сайты футболдан Ұлттар лигасы үшінші турындағы Қазақстан - Молдова (1:2) кездесуіндегі ойыншыларды бағалау кестесін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында Қазақстан құрамасы сапынан гол авторы Нұралы Әліп (8.3) үздік ойыншы атанды. Рейтинг бойынша одан кейінгі орындарға Бауыржан Исламхан (7.4) мен Азамат Тұяқбаев (7.1) ие болды.
Біздің құраманың орташа рейтингі 7.09 баллға жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz