2 сағат бұрын
Азия ойындары: Өзбекстан футболшылары қола үшін ойында Қытайға есе жіберді
Футболдан Өзбекстанның 23 жасқа дейінгі құрамасы Азия ойындарының қола жүлдесінен қағылды. Үшінші орын үшін өткен матчта олар Қытайдан пенальти сериясында жеңілді.
Кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды.
15-минутта Ху Хэтао есеп ашты. Бірінші таймның аяқталуына екі минут қалғанда Сардорбек Бахромов таразы басын теңестірді.
Үзілістен кейін Қытай қайта алға шықты. 53-минутта қарсылас футболшысы есепті 2:1-ге жеткізді.
Өзбекстандықтар соңына дейін күресіп, 90-минутта Шодиер Шодибоев гол соқты.
Азия ойындарының регламентіне сәйкес, үшінші орын үшін кездесуде қосымша уақыт қарастырылмаған. Сондықтан жеңімпаз бірден пенальти сериясында анықталды.
Бұл сында Қытайдың мерейі үстем болды. Олар бес соққының төртеуін дәл орындаса, өзбекстандықтар екі мүмкіндікті пайдалана алмады. Нәтижесінде қарсылас 4:3 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Өзбекстан Азия ойындарын төртінші орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz