8 сағат бұрын
Қазақстандық 17 жастағы футболшы «Генктің» негізгі құрамында дебют жасады
Қазақстандық 17 жастағы футболшы Шахмұрат Дәулетов бельгиялық «Генктің» негізгі құрамында алғаш рет алаңға шықты.
Дәулетов 3 қазанда «Фортуна Ситтардқа» қарсы өткен жолдастық кездесудің 87-минутында ойынға қосылды. Ол қорғаушы Зайон Хенриді алмастырды. Матч нидерландылық клубтың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Шахмұрат Дәулетов «Генктің» жастар құрамында өнер көрсетеді. Клубтың ресми құрам тізімінде ол 70-нөмірлі шабуылшы ретінде көрсетілген.
Жас футболшы бұған дейін «Генк» академиясының құрамында Бельгия чемпионатында жеңіске жетіп, UEFA Жастар лигасында да ойнаған.
Дәулетов 2024 жылы «Беерсхоттан» «Генкке» ауысқан. Футболшының айтуынша, Қазақстан құрамасында ойнауына қатысты құжат мәселесі де шешілген. Ол негізгі құрама сапында өнер көрсеткісі келетінін жеткізді.
Біздің серіктес: Sport12kz