7 сағат бұрын
Қазақстан U-17 құрамасы жолдастық кездесуде Ресейне есе жіберді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Шымкентте Қазақстан мен Ресей U-17 жасөспірімдер құрамалары арасындағы екінші жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матч 2:1 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Алаң иелері сапынан голдарды Әнуар Төленді мен Ислам Рашидов өз еншісіне жазды.
Еске сала кетейік, бұл командалар арасындағы бірінші ойынның негізгі уақыты тең аяқталып (2:2), матчтан кейінгі пенальти сериясында Ресей құрамасының футболшылары басым түсті.
Айта кетсек, екі құрама арасындағы алғашқы матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан голдарды Салим Хасанов пен Әнуар Төленді өз еншісіне жазды.
Ойын жеңімпазы матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталып, онда 7:6 есебімен Ресей құрамасының футболшылары басым түсті.
Сондай-ақ отандастарымыз Шымкентте Өзбекстан U-17 жасөспірімдер құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізді. Олар алдымен қарсыласын 5:4 есебімен жеңсе, одан кейін 3:4 есебімен есе жіберді.
Қақпашылар: Абай Заманбек (ҚФФ академиясы), Матвей Ковальчук («Қайрат»), Нұрсұлтан Солтанғазы («Каспий»).
Қорғаушылар: Кирилл Плачинда, Георгий Гречка, Әлихан Әбди, Ильдар Датхабаев, Ислам Рашидов, Йахья Байменов (бәрі – «Қайрат»), Михаил Турищев, Данияр Қаси (екеуі де – ҚФФ академиясы), Темур Султаниасов («Ордабасы»).
Жартылай қорғаушылар: Давид Заречный (ҚФФ академиясы), Әмір Оспанов, Әли Садырбаев («Шахтер»), Нұрәли Бижанов («Ақтөбе»), Әлихан Ақылбаев, Дарын Ибаділдә, Нұрәли Салимов (бәрі – «Қайрат»), Абдулла Бәпішев («Магдебург», Германия).
Шабуылшылар: Артем Шалыгин (ҚФФ академиясы), Тамерлан Сарсымбаев, Радмир Вдовин, Роман Черноморец (бәрі – «Қайрат»), Әнуар Төленді («Астана»), Салим Хасанов («Вильярреал», Испания), Алмат Сапархан («Ордабасы»), Тимур Казанцев («Шахтер»).
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Ирландиямен ойнайды.
Біздің серіктес: Sport12kz